Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Петролулмен» келісімге жақын

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Петролулмен» келісімге жақын

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Румынияда жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz. Форвард «Петролул» клубымен келісімшартқа қол қоюға жақын, тараптар алдын ала келісімге келген.

GSP басылымының мәліметінше, «Петролул» мен Абат Айымбетов арасындағы келіссөздер айтарлықтай ілгерілеген. Шабуылшы Қазақстан құрамасы сапында 45 матч өткізіп, тоғыз гол соққан. Оның соңғы клубы «Адана Демирспор» болды, бұл командада 36 ойынға қатысып, алты рет мергендік танытты. Өткен жылдың жазынан бері футболшы еркін агент мәртебесінде жүрген.

Келіссөздердің белсенді кезеңі «Петролулдың» «Униря Слобозияны» 1:0 есебімен жеңген матчынан кейін басталған. Жақын күндері келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Абат Айымбетов бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және «Крылья Советов» клубтарында өнер көрсеткен. Ол мансабында үш рет Қазақстан чемпионы атанып, 179 матчта 54 гол және 13 нәтижелі пас жасаған.

Румынияның «Петролул» клубы — ел чемпионы атағын үш рет жеңіп алған команда. Қазіргі маусымда ұжым 24 ұпаймен турнир кестесінде 12-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или